"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.М. КЕНБЕИЛОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨТІП ЖАТҚАН "КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА НАРЫҒЫ" III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА "ТЕҢІЗ ТАСЫМАЛЫ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ" ПАНЕЛДІ СЕССИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов Алматы қаласында өтіп жатқан "Көлік және логистика нарығы" III Халықаралық конференциясы аясында "Теңіз тасымалы. Инфрақұрылым" панелді сессияда баяндама жасады. Сессия қатысушылары АЭА қызметімен таныстырылып, АЭА аумағында порттық инфрақұрылым мен контейнерлік тасымалды дамытудың қажеттілігі мен оң жақтары жеткізілді. Сондай-ақ, спикерлер ретінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қ. Қ. Нұркенов, "Ақтау теңіз сауда порты" ҰК" АҚ Президенті А.Н. Түрікпенбаев, "Құрық порты" ЖШС Бас директоры С. Ж. Ахметов, "Теңіз Сервис" ЖШС Бас директоры М.К. Бүркітбеков, "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК" ЖШС Бас директоры А.Е.Оржанов, Қазақстан теңіз академиясының деканы А. Ш. Дүйсенбиев сөз сөйледі.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 175